Таразда қыз ұрлаған үш күдікті ұсталды

29 қазан 2025 16:45 / Новости Казахстана

Таразда автобусты күтіп тұрған қызды күштеп көлікке сүйреген жігіттер қолға түсті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қыз ұрлығы ондаған қала тұрғындарының көз алдында болды. Күдіктілер қыздың қарсылығы мен адамдардың тоқтатуына қарамастан қызды көлікке салып әкеткен.

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев үш адамның ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді. Тергеу барысы-ІІМ басшылығының ерекше бақылауында екен.

Қылмыстық кодекстің 125-1-бабы бойынша «Некеге тұруға мәжбүрлеу» қылмыстық іс қозғалды. ІІМ 125-1-баптың жақында ҚР Қылмыстық кодексіне енгізілгенін және қазір оны практикада қолдану бойынша түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанын еске салды.

«Ішкі істер органдары некеге тұруға мәжбүрлеудің кез келген әрекетін және азаматтардың жеке бас бостандығына қарсы басқа да қылмыстарды қатаң түрде тоқтататын болады» - деп толықтырды ІІМ өкілі.

 

Серіктес жаңалықтары