Тарихта тұңғыш рет қазақ әйелі Моңғолия парламентінің депутаты атанды

5 шілде 2024 11:23 / Новости Казахстана

Тарихта тұңғыш рет қазақ әйелі Замира Сонгобай Моңғолия парламентінің депутаты болып сайланды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

«2016 жылдан бері биліктегі Моңғол халық партиясы 28 маусымда өткен елдің Мемлекеттік Ұлы Хуралы (парламент) сайлауында тағы да көпшілік дауысқа ие болды», — деп жазады ТАСС.

Парламент сайлауының алдын ала қорытындысы сегіз жыл билік еткен Халық партиясы 500 123 дауыс жинағанын көрсетті.

Осылайша ұлты қазақ Замира Сонгобай 2023 жылдың жазында қабылданған жаңа сайлау заңы бойынша парламентке өткен 32 әйелдің қатарына кіріп отыр.

Жаңа сайлау заңнамасында депутаттық корпустың үштен бір бөлігі әйелдер болуы керек деп белгіленген. 2028 жылы өтетін келесі парламенттік сайлаудан кейін олардың үлесі 40 пайызға дейін өсуге тиіс.

Депутат жайлы айтар болсақ, Замира Сонгобай – көпбалалы ана. Сондай-ақ Моңғолия іскер әйелдер қауымдастығының басқарма мүшесі.

 

Серіктес жаңалықтары