Таяу Шығыстағы жағдай Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?
Таяу Шығыстағы жағдай Қазақстан экономикасына қалай әсер ететіні туралы Ұлттық банк төрағасы айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Таяу Шығыстағы жағдайдың Қазақстан экономикасына ықпалы туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов пікір білдірді. Оның айтуынша, еліміздің экспорттық кірісінің жартысынан астамы және бюджет түсімдерінің үштен бірі мұнай саласына тиесілі.
Сүлейменовтің сөзінше, әлемдік мұнай бағасының өсуі экономикалық белсенділікті арттырып, ұлттық валютаның нығаюына және Ұлттық қордың толықуына ықпал етеді. Алайда мұнай жеткізу келісімшарттары алдын ала жасалатындықтан, табыстың бірден түспейтінін атап өтті.
Оның айтуынша, басты фактор – мұнай бағасының жоғары деңгейде қанша уақыт сақталатыны. Геосаяси жағдай осы үрдіске тікелей әсер етеді.