Тісін емдеткен жасөспірім қайтыс болды — Ақмола облысы

7 қазан 2023 19:42 / Новости Казахстана

Ақмола облысында тіс дәрігеріне барған 17 жастағы жасөспірім қайтыс болған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Осыған қатысты денсаулық сақтау департаменті мамандары тарапынан тексеріс басталды.

- Тексеру жүргізу және заңбұзушылық анАқмола облысы денсаулық сақтау басқармасы:ықталған жағдайда тиісті шара қабылдауға арнайы комиссия құрылып, оның қорытындысымен  толық, нақты ақпарат беріледі.

Көкшетаудың Краснояр ауылының тұрғыны Зәуре Күшінова әлеужеліде дәрігерлер немқұрайлығынан17 жастағы ұлынан айырылып қалғанын жазған. 

Тамызда ұлы Красноярдағы емханада тіс дәрігеріне емделген. Көп ұзамай, дене қызу 42 градусқа көтеріліп, дәрігерлер оған «ангина» диагнозын қойып емдеген. Ұлының жағдайы одан сайын нашарлап, беті қисайып, аяғы сал болып қалады. Бірнеше күннен соң жансақтау бөлімінде комаға түсіп өледі.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі:

- Көкшетау полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оқиғаның мән-жайы зерттеледі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіне тиісті тексеру жүргізуге материал жіберілді.

Автор
Серіктес жаңалықтары