“Той күні күйеу жігітті өлтіріп кеткен”: Күдікті сотталды

11 маусым 2025 16:24 / Новости Казахстана

Көкшетауда ер адам үйлену тойы күнң күйеу жігітті өлтіргені үшін сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ол сот шешімімен 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

2024 жылдың қараша айында жәбірленуші С. Көкшетау қаласының ойын-сауық орындарының бірінде достарымен неке қиюды атап өтті. Мәліметтерге сәйкес, сотталған Б. достарымен бірге сол ойын-сауық орнында болған. Ауызша жанжал туындап күйеу жігітке пышақ жарақаты салынды.

“Екі жігіт арасында ауызша жанжал туындап, арты төбелеске ұласты. Ұрыс барысында Б. С. - ны үш рет пышақтап, бір пышақ соққысы жүрекке тиді. С. алған жарақаттарынан жедел медициналық жәрдем келгенге дейін қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Б-ның кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, кісі өлтіру фактісі тіркелген мекеменің бақылау камераларынан түсірілген бейнежазбалармен дәлелденді.

Серіктес жаңалықтары