Тоқаев Трампты Қазақстанға шақырғанын растады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампты Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын растады,деп хабарлайды Arbat.Media.
Тоқаев бұл туралы АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Серджио Горумен Нью-Делиде өткен БРИКС саммиті аясындағы кездесуінде айтты.
Кездесу барысында Серджио Гор Дональд Трамптың Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында жолдаған жеке құттықтауын жеткізді.
Мемлекет басшысы АҚШ президентіне жылы лебізі үшін алғыс айтып, Дональд Трампты Қазақстанға сапармен келуге шақырғанын тағы бір мәрте растады.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев желтоқсанда Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысуға дайындалып жатқанын айтты. Президент бұл жиын екі ел арасындағы екіжақты мәселелерді талқылауға жақсы мүмкіндік болатынын атап өтті.
«Біз әдемі сөздерден гөрі нақты істер мен өзара ынтымақтастықты ілгерілетуге бағытталған практикалық қадамдарды құп көреміз», – деді Тоқаев.