Тоқаев жаңа мемлекеттік басқару жүйесін құру туралы айтты
Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер талқылануда, деп хабарлайды Arbat.Media.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отырыс барысында ұсынылып отырған өзгерістер ауқымы негізгі конституцияны жаңартуды талап ететітін, тек жеке түзетулер жеткіліксіз болатынын айтты. Оның айтуынша, жобаның өзі кең қоғамдық талқылаудың нәтижесі саналады және елдің дамуының жаңа кезеңін көрсетеді.
«Соңғы жылдардағы саяси реформаларға панорамалық көзқарас Қазақстанның суперпрезиденттік басқару формасынан толықтай бас тартып, президенттік республикаға, әсерлі, беделді парламентке қарай өтіп жатқанын көрсетеді», деді президент.
Сонымен қатар, Тоқаев жобаның негізінде «мемлекет – халық үшін» деген принциптің бекітілгенін атап өтті. Ел осы бағытта 2019 жылдан бері тұрақты түрде қозғалып келеді.