Турфирма қызметкерін қайшымен жарақаттаған әйел қамауға алынды

12 қазан 2023 10:00 / Новости Казахстана

Алматыда турфирманың бірінде жанжал шығарып, қызметкерін қайшымен жарақаттаған әйел қамауға алынды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Алмалы ауданы полиция басқармасында тергеу жүріп жатыр. Полицияның мәліметінше, оқиға сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 389-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді.

«Күдікті - 1978 жылы туған И. есімді әйел, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жәбірленушінің алған жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс бойынша жүргізілген тергеу шаралары кешенінің қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қайрат Нұрмағамбетов.

Автор
Серіктес жаңалықтары