Түрген өзені тасып, туристер эвакуацияланды

2 шілде 2026 11:22 / Новости Казахстана

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында толассыз жауған жауын-шашыннан Түрген өзенінің су деңгейі көтерілді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Соның салдарынан Түрген-Ассы автожолының 25-шақырымын және өзен бойындағы алты киіз үй мен «Түргенсай» демалыс аймағын су басты.

«Тексеру барысында Үлкен Алматы каналының (ҮАК) бойындағы автожолдың 54-шақырымында орналасқан көпірдің су өткізгіш құрылымы айналасындағы топырақты су шайып жатқаны анықталды. Аталған көпір 2024 жылы апатты жағдайда деп танылған болатын», - деп хабарлады Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі.

Қазіргі уақытта туристік нысандар мен туристік аймақтарда болған демалушыларды эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ Алматы облысының ТЖД облыстық маңызы бар КВ-49 «БАК каналы бойындағы автомобиль жолы» автожолында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары