Түркістан облысы: Өз балаларын өлтірген ана 15 жылға сотталды
21 маусым 2024 14:11 / Новости Казахстана
Биыл ақпан айында Түркістан облысындағы жалдамалы пәтерде екі баланың мәйіті табылып, қылмысты туған анасы жасағаны анықталған. Қызылорда облысының 31 жастағы тұрғын Бота Хамитқызы алқа билер шешімімен 15 жылға сотталды. Айыпталушы жазасын орташа режимдегі түрмеде өтейді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Әйел Түркістан облысынан екі күнге пәтер жалдап, ауыр қылмысқа барған. Кейін ол құрбысына хабарласып, балалар қайтыс болғанын айтып, сол мекенжайын берген.
Тергеу кезінде қылмыс жасаған кезде әйелдің ақыл-есі дұрыс болғаны дәлелденді.
Айта кетсек, Бота Хамитқызы Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы мектептердің бірінде бастауыш сыныптың мұғалімі болып жұмыс істеген.
9 қараша 2026 10:20 / Новости Казахстана
Орал маңында кран құлап, жұмысшы көз жұмды
9 қараша 2026 9:15 / Новости Казахстана
9 қарашаға арналған ауа райы болжамы
6 қараша 2026 18:35 / Новости Казахстана
Алматыда жаңа жылдық безендіруге 512,3 млн теңге бөлінбек
6 қараша 2026 17:48 / Новости Казахстана
Ақтөбеде әйел бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапты
6 қараша 2026 16:25 / Новости Казахстана
Есірткі саудасынан түскен ақша криптовалюта арқылы заңдастырылған
6 қараша 2026 15:39 / Новости Казахстана