Түркістан облысында 100 келіден астам насыбай тәркіленді
Тәртіп сақшылары адам денсаулығына зиянды қорқор, электронды темекі және насыбай өнімдеріне қатысты рейд жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.
Түркістан облысында 10 күн ішінде насыбай сатқан 202 адам анықталды. Оларға тыйым салынған тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау бойынша хаттама толтырылды. Жалпы рейд барысында полиция қызметкерлері 100 келіден астам насыбай өнімін тәркіледі.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы барысында елде насыбай ататындарға қатысты алаңдаушылық білдіріп, оның денсаулыққа зиян және ұят әдеттердің бірі екенін атап өткен болатын. Президент тапсырмасын орындау мақсатында ҚР ІІМ-мен рейд жұмыстары жүргізілуде», - дейді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі