Түркістан облысында ағайындылар туабітті мүгедек бауырын зорлады
Түркістан облысы Келес ауданы Ұшқын ауылындағы 23 жастағы мүгедек жігітті 14 жыл бойы бауырлары зорлап келген. Сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
Туабітті мүгедек жігітті марқұм әкесінің бауырының балалары зорлаған. Оларға 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Іс жабық режимде қаралып жатыр. Жәбірленушінің анасы осы жылдың наурыз айында сұмдық оқиғаны жайып салған еді. Тергеу бірнеше айға созылып, ақыры сотқа жолданды.
«Прокурор екі айыпталушыға тиісінше 9 және 7 жыл сұрады. Бірақ мен олардың ақталып кетуінен қорқамын. Соттың шешіміне күмәнім бар", – дейді жәбірленушінің анасы.
Қазір үш күдікті қамауда отыр. Бірақ әйелдің сөзінше, қылмысқа алты туысы қатысқан болуы мүмкін. Алайда олардың бір бөлігі кәмелетке толмағаны және дәлелдің жеткіліксіздігіне байланысты жауапқа тартылмаған.
Айыпталушылар сотта кінәсін мойындамаған. Енді екі жақ та үкімнің жариялануын күтіп отыр.