Алматы облысында анасы мен кішкентай сәбиі тірідей жанып кетті
Алматы облысында үш тұрғын үйден өрт шығып, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Алматы облысы Іле ауданындағы Кенен Әзірбаев ауылында үш тұрғын үй мен шаруашылық нысандар өртенді. Алматы облысы ТЖД мәліметінше, қызыл жалын 448 шаршы метр аумақты қамтыған.
«Өрт туралы ақпарат кеш түскендіктен, тілсіз жау жылдам таралған. Құтқару жұмыстары кезінде екі адамның мәйіті табылды, тағы бір тұрғын күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілді», - делінген ақпаратта.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: