Түркістан облысында атыс болып бір адам көз жұмды
Түркістан облысы Түлкібас ауданында болған атыстан бір адам көз жұмды. Жараланған үш адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Өңірдегі полиция департаметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 2 қарашада түнгі уақытта болған. Бір адам көз жұмып, үш адам медициналық мекемеге жеткізілген. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы барған. Күдіктілердің жеке басы анықталып, олардың бірі ұсталып, қамауға алынды.
«Осы факті бойынша «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы және екінші күдіктінің орналасқан жерін анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ведомство.
Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында екен.