Түркістан облысында білім бөлімінің 46 қызметкері сотталып кетті
4 млрд. теңгеден астам қаржыны иемденген Түркістан облысы Жетісай аудандық білім бөлімінің 46 қызметкеріне үкім шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен Жетісай аудандық білім бөлімінің 46 қызметкерлері сеніп тапсырылған мүлікті иемдену әрекеттері бойынша қылмыстық істі қарады.
Тергеу мәліметінше, бөлім басшысы М. ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен (аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемдену) айыпталды. Бөлім басшысы Ш. ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен (аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемдену), 28-бабының 4-бөлігімен, 367-бабының 4-бөлігімен (аса ірі көлемде пара беруге айдап салу) айыпталды. Бөлім есепшісі Ш. ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен (аса ірі көлемде сеніп тапсырылғанмүлікті иемдену), 218-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен (аса ірі мөлшерде қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру) айыпталды. 43 есепші ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен айыпталған (аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемдену).
Сотталушылар – Жетісай аудандық білім бөлімінің лауазымды қызметкерлері (М. және Ш.), сондай-ақ мектептердің 44 есепшісі адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы мектептерде жұмыс істемейтін таныстары мен туыстарының банктік есеп шоттарына негізсіз ақша қаражаттарын жалақы ретінде аударып, бюджет қаражатын иемденген.
Нәтижесінде, сотталушылардың 2021-2023 жылдар аралығында қылмыстық іс әрекеттері салдарынан, мемлекетке 4 млрд. теңгеден астам шығын келген.
Алқабилердің шешімімен (вердикт):
негізгі сотталушы Ш. мен М.-ға тиісінше 9-жыл және 10 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. 2 сотталушының әрекеті ҚК-нің 371-бабының 1-бөлігіне қайта сараланып, оларға 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
34 сотталушыға ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен жалпы 5 жылдан 8 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.