Түркістан облысында мәдениет үйі өртеніп кетті
5 тамыз 2025 21:21 / Новости Казахстана
Түркістан облысы Ащысай ауылында 1938 жылы негізі қаланған, құнды жәдігерлер сақталған мәдениет үйі өртенді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Өртке оранған мәдениет үйінде көне музыкалық аспаптар, фильмдер мен пластинкалар топтамасы және кітапхана болған.
Түркістан облысы ТЖД мәліметінше, өрт кеше, 4 тамыз күні тұтанған. Мәдениет үйінің шатыры өртеніп, жалын 1512 шаршы метрлік ғимараттың 600 шаршы метр аумағын шарпыған.
«Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің себептері анықталуда», деп хабарлады Түркістан облысы ТЖД.
Бұл ғимаратты 1938 жылы жапон әскери тұтқындары салған. Мәдениет үйі аймақтағы көрнекті сәулет нысаны және рухани орын саналған.
25 қараша 2026 11:20 / Новости Казахстана
Колледж директоры қызметінен қуылып, 45 студент оқудан шығарылды
25 қараша 2026 10:27 / Новости Казахстана
Алматыда сәулет және қаланы дамыту жөніндегі SHARE Kazakhstan 2026 халықаралық форумы басталды
25 қараша 2026 10:21 / Новости Казахстана
Алматы қалалық ортаны дамыту мүмкіндіктерімен шетелдік мамандардың назарын аударып отыр – сарапшы
25 қараша 2026 10:13 / Новости Казахстана
Қазақстанда 23 мың iPhone бұғатталуы мүмкін
25 қараша 2026 9:17 / Новости Казахстана
25 қарашаға арналған ауа райы болжамы
24 қараша 2026 18:32 / Новости Казахстана