Түркістан облысында жас жігіттің көршісіне жасаған ісі елдің жағасын ұстатты
8 сәуір 2025 16:28 / Новости Казахстана
Түркістан облысында көршісінің алтынын ұрлаған жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.
Түркістан облысында Сауран ауданының полиция қызметкерлері пәтер ұрлығының қылмысын ашты.
Белгілі болғандай, 19 жастағы жас жігіт ауылдасының үйінен ұрлық жасаған.
Ол күндізгі уақытта үйде ешкім жоқтығына көз жеткізіп, есікті сындыру арқылы ішке кірген. Содан жатын бөлмеден құны миллион теңгеге жуық бірнеше алтын бұйымдарын жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Ал ұрланған әшекейлерді ломбардқа өткізіп, ақшасын қарыздарына төлеген. Тәртіп сақшылары қолды еткен мүліктің бір бөлігін тәркіледі. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
9 қараша 2026 10:20 / Новости Казахстана
Орал маңында кран құлап, жұмысшы көз жұмды
9 қараша 2026 9:15 / Новости Казахстана
9 қарашаға арналған ауа райы болжамы
6 қараша 2026 18:35 / Новости Казахстана
Алматыда жаңа жылдық безендіруге 512,3 млн теңге бөлінбек
6 қараша 2026 17:48 / Новости Казахстана
Ақтөбеде әйел бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапты
6 қараша 2026 16:25 / Новости Казахстана
Есірткі саудасынан түскен ақша криптовалюта арқылы заңдастырылған
6 қараша 2026 15:39 / Новости Казахстана