Түркістанда 4 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасы салынды

20 қыркүйек 2024 19:24 / Новости Казахстана
ФОТО: Depositphotos

Жаңадан салынған қоймада 3,5 мың тонна көкөніс және 500 тонна бакалея өнімдері сақталады. Мұндағы өнімдер Түркістан, Кентау және Арыс қалаларының тұрғындарын әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз етеді. 4 мың тонналық азық-түлік сақтау қоймасының жалпы құны 1,4 млрд. теңгені құрайды. Жоба «Түркістан» ӘКК» АҚ және «М-Адал» компаниясының қолдауымен салынған. Аумағы 1 гектар, ал ауданы 3,2 мың шаршы метрді алып жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жалпы қоймада 10 камера бар. Оның 8-інде көкөніс сақталады. Атап айтар болсақ, 2 000 тонна картоп, 1 000 тонна пияз, 250 тонна сәбіз және 250 тонна қырыққабат жинауға қауқарлы. Ал, екі камера 500 тонна бакалея өнімдерін сақтауға арналған, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Алдағы уақытта Сарыағаш қаласынан 3 мың тонналық азық-түлік сақтау қоймасын салу жоспарланып отыр. Ол Ленгер, Жетісай, Шардара, Сарығаш қалаларының тұрғындарын әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз етеді.

«ҚР Ұлттық экономика министрлігі берген статистикалық мәліметке сәйкес Түркістан қаласы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік баға индексі бойынша Қазақстанның қалаларының ішінде 3-орында тұр. Республика бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік баға индексі 99,9 пайызды құрады», - делінген Түркістан облысы әкімдігі таратқан ақпаратта.

 

Серіктес жаңалықтары