Түрмеде аузын тігіп, тамырын кескен адамның асқазанынан ине шықты
7 мамырда 24 жастағы сотталушы өзін әдейі жарақаттап, терезеден қанға малынған сүлгіні бұлғап, мекеме қызметкерлері мен бостандықтағы адамдардың назарын аудартуға тырысқан, деп хабарлады Arbat.media сайты Ақ Жайыққа сілтеме жасап.
Анасының айтуынша, Қарағанды облысындағы қатаң режимдегі колонияға ауыстыруға қарсылық ретінде ол өз тамырын кесіп, аузын тігіп тастаған. Сотталушы өзін Оралдағыға ұқсас мекемеге ауыстыруды талап еткен.
ҚАЖК ер адамның шұғыл түрде облыстық ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Іш қуысының рентгендік тексерісі оның асқазанында тігін инесінің бар екенін көрсетті – ол инені жұтып қойған екен. Медициналық көмектен бас тартқанына қарамастан, дәрігерлер оған қажетті медициналық ем жасады. Қазіргі уақытта оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, ол қайтадан камерасына оралды.
Алайда оның наразылығы нәтиже бермеді. ҚАЖК мәліметінше, Оралдағы мекеме толық болғандықтан, ол үш жылдық жазасын бәрібір Қарағанды облысының Долинка ауылындағы ауыр қылмыс бойынша сотталғандарға арналған колонияда өтейтін болады.
Ал УГ-157/9 мекемесінде қызметтік тергеу жүргізілуде.