Тұрсын Алагөзовтің ұлы жұрт білмейтін құпиясын ашты

1 шілде 2026 15:33 / Новости Казахстана

Танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің ұлы Арсен Алагөзов журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында әкесімен қарым-қатынасы туралы ашық айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Арсен сұхбат барысында әкесінің бұрын айтқан кейбір сөзі өзіне ауыр тигенін жасырмады. Оның айтуынша, Тұрсын Алагөзов бір кездері Арсен мен Әминаны “жоспарланбаған, қаламаған балалар” деп айтқан.

“Әкем Амина екеумізді жоспарланбаған, қаламаған балалар деп айтты. Мені тек екі жасымда көргенін, ол кезде мен Қытайда болғанымды айтты. Бірақ мен үлкен махаббаттан туғанмын. Әкемнің есінде жоқ”, деді Арсен.

Оның сөзінше, бұл әңгіменің бүкіл елге айтылғаны жанына қатты батқан. Себебі содан кейін көпшілік оған аяушылықпен қарай бастаған.

“Бұл, әрине, өте жағымсыз. Адамдар содан кейін маған аяушылықпен қарай бастады. Ал маған ол ұнамайды. Мен үлкен махаббатпен тудым. Өзіме сенімді жігітпін. Құдай бәрін берді. Мені аяудың керегі жоқ”, деді ол.

Арсен Алагөзов әкесіне ренішін айтқанымен, өзін әлсіз немесе тағдырдың құрбаны ретінде көрсеткісі келмейтінін жеткізді. Оның сөзінен әке сөзіне деген өкпе ғана емес, өзін дәлелдеуге деген ішкі қарсылық та байқалады.

Серіктес жаңалықтары