Ұлттық банк интервенция жүргізуге 1 млрд теңге жұмсады
Ұлттық банк елдің валюта нарығындағы ахуалға байланысты түсінік берді. «16 қарашадан бастап интервенция жүргізіп жатырмыз, соған 1 млрд теңге жұмсалды. Интервенция жүргізу қарапайым азаматтарға, яғни жеке тұлғаларға әсер етпейді. Кеше сағат 18:00-де барлық филиалдан ақпарат жинадық, ешқандай артық сұраныс болмай тұр. Бұл тек қана Қазақстан қор биржасында жұмыс істеп жатқан заңды тұлғаларға қатысты. Біз тұтынушы ретінде сол қалыптамыз», – деді Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов баспасөз мәслихатында, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Кеше Ұлттық банк теңге бағамын тұрақтандыу үшін интервенция жүргізгенін мәлім етті.
«Ұлттық Банк тұрақсыздандыратын ауытқуларды болдырмау үшін, теңгенің айырбас бағамының артық құбылмалылығын тегістеу үшін және шетел валютасының ұсынысын қамтамасыз ету үшін валюталық интервенциялар жүргізеді. Ұлттық Банк валюта нарығындағы ахуалға тұрақты мониторинг жүргізеді. Еркін бағам құру режимі жағдайында Ұлттық Банк айырбас бағамының қандай да бір деңгейіне бағытталмайды және оның трендіне кедергі келтірмейді. Оның қалыптасуы іргелі факторларға сәйкес одан әрі жүзеге асырылады», – делінген ресми мәлімдемеде.
Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы доллар бағамының өзгеруі импорт тауарлары құнына әсер етуі мүмкін екендігін айтты.
Бүгін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді.