Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірген
Экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді, - деп хабарлайды Arbat.media.
"Бүгін Астанадағы Бау мейрамханасында 20:30 шамасында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жыққан.
Әйелі жедел жәрдем келгенше жан тапсырды.
Қазіргі сәтте экс-шенеунік ұсталды. Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс жүргізіп жатыр.
Тәртіп сақшылары Қуандық Бишімбаевты ұстау кезінде ол өзіне пышақ салмақшы болған.
Күдікті есірткіге масайған күйде болған болуы ықтимал", - деп хабарлайды Астана қаласының Полиция департаменті.
Оқиға орнында Есіл ауданының ПБ және қаланың ПД тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) сәйкес, қылмыстық іске қатысты өзге ақпараттар жарияланбайды.