Ұлытау облысында музыка мектебінің бухгалтері қомақты қаражат жымқырды
15 қыркүйек 2025 20:26 / Новости Казахстана
Ұлытау облысында музыка мектебінің бухгалтері қомақты қаражат жымқырды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Жезқазған қалалық соты Сәтбаев қаласы білім бөліміне қарасты №2 балалар музыка мектебінің бухгалтерін 28 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін соттады.
Тергеу мәліметінше, бухгалтер 2024 жылдан 2025 жылға дейін өзіне заңсыз түрде жалақы тағайындап отырған. Сонымен қатар, ол мекемеде жұмыс істемеген адамдарға да жалақы есептеген.
Сот үкімімен бухгалтер 5 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
2 қазан 2026 18:11 / Новости Казахстана
Алматыда ер адам анасын ұрып, қолын байлап тастаған
2 қазан 2026 17:22 / Новости Казахстана
Ақбота Керімбекова балалық шағындағы ауыр кезеңді еске алды
2 қазан 2026 16:16 / Новости Казахстана
Berlin Today: Тоқаев президенттігінің жеті жылында Қазақстан қалай өзгеруде
2 қазан 2026 15:35 / Новости Казахстана
Роза Рымбаеваның келіні қуанышты жаңалығын айтты
2 қазан 2026 14:24 / Новости Казахстана
Иран қазақтары қаза тапқан сарбаздарға құран оқып, дұға етті
2 қазан 2026 13:32 / Новости Казахстана