ҰҚШҰ күштерінің мәртебесі туралы құжатқа қол қоямыз – Тоқаев

28 қараша 2024 17:13 / Новости Казахстана
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының кеңейтілген отырысында Қазақстан төрағалығымен өткен жылдың негізгі қорытындысын мәлім етті. «Жыл бойы Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдардың жауынгерлік даярлығына ерекше назар аударылды. Бүгін біз екі халықаралық келісімдердің екі хаттамасына қол қоямыз. Бірі – ҰҚШҰ күштері мен құралдарының мәртебесі туралы, екіншісі Әскери контингенттерді тасымалдау мәселелерін қамтиды», - деді Президент, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ елдері бітімгершілік контингенттерінің дағдылары мен дайындық деңгейін арттыру жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

«Қазақстанның бастамасы бойынша биыл алғаш рет қару-жарақтың, оқ-дәрілердің заңсыз айналымына және ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша консультациялар өткізілді. ҰҚШҰ шеңберінде бейінді жұмыс тобын құру мәселесі пысықталуда. Мүмкіндікті пайдалана отырып, ҰҚШҰ-ның Бас хатшысына, тұрақты кеңесіне және жұмыс органдарына үлкен пайдалы жұмыс істегені үшін алғыс айтқым келеді. Бірлескен күш – жігермен біз алға қойған жоғары мақсаттарға қол жеткізетінімізге сенімдімін», - деді Мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары