Вайнер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты
Вайнер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ол Instagram-парақшасында видео жариялады.
Кадрлардан әзілкештің сөмкесін көтеріп, ғимараттан шығып келе жатқаны көрінеді. Оны достары мен әріптестері қарсы алған. Кейін видеода оның мешітке барғаны көрсетіледі.
Бұл ретте Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты ма, жоқ па белгісіз. Видео кадрларында ол көрінбейді.
ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.
"Сотталушы жаза мерзімін толық өтегеніне байланысты босатылды", – деді ҚАЖК өкілдері.
Айта кетейік, былтыр желтоқсанда Алматы Түрксіб аудандық соты Мейірхан Шерниязовтың жазасын жеңілдету туралы өтінішін қанағаттандырмаған болатын. Бұған дейін дәл осындай шешім вайнер Мейіржан Төребаевқа қатысты да шыққан еді.