Владимир Ким мен Эдуард Огай «Қазақмыс» компаниясын сатқалы жатыр

10 желтоқсан 2025 13:28 / Новости Казахстана

«Қазақмыс» акционер ауыстыруға дайындалып жатыр. Құжатқа компания президенті Владимир Ким мен директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай қол қойған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Акционер әзірге кім болатыны белгісіз. БАҚ дерегінше, "Қазақмыс" Qazaq Stroy компаниясына сатылуы мүмкін. Құжатқа қол қою бақылауды тапсыру процесінің басталғанын білдіреді. Таяуда белгіленген рәсім аясында келісім бойынша барлық тиісті іс-шаралар мен міндеттемелер жүзеге асырылып, компанияның үлесін сатып алу-сату келісімшарты жасалады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарының сақталуына көңіл бөлінеді. Салалық нормаға сәйкес, тау-кен-металлургия секторында компания үлесінің не акциясының иесін ауыстыру үшін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, сонымен қатар Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің арнайы рұқсатын алу талап етіледі.

Серіктес жаңалықтары