Халықаралық банк Қазақстанға 84,9 млрд иен көлемінде несие беруі мүмкін
Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Депутат Татьяна Савельеваның хабарлауынша, заң жобасы Үкіметтің 2024 жылғы 18 қарашадағы қаулысымен енгізілген. Келісім 2024 жылдың 11 қазанында Астанада жасалған.
«Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінен Қазақстан Республикасына 11 жыл өтеу мерзімімен 84,9 млрд иен көлемінде несие берілді. Несиелік қаражаттар жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет тапшылығының бекітілген көлемі шегінде ел экономикасының тұрақтылығын сақтау үшін тартылады», деді депутат.
Бұған дейін Азия даму банкі Қазақстанға 15 жылға 52,3 миллиард иен несие беретінін хабарлаған едік.
Сонымен қатар, Қазақстан Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 15 жылға тағы 52,7 млрд иен көлемінде несие алмақшы.