Халықаралық фестиваль «Бізге дәрігер керек» фильмімен ашылады

23 қараша 2024 15:00 / Новости Казахстана
Фото: Қазақфильм

XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өз шымылдығын қазақстандық «Бізге дәрігер керек» картинасымен ашады. Аталған фильм отбасыға арналған туынды адамгершілік, кәсіби шеберлік және өмірде орын алатын күтпеген жағдайлар жайлы сыр шертеді. Ол көрермендерді терең сезім, әсерлі әзіл және өмірлік философияға толы ерекше әлемге жетелейді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Картина сюжеті Алматыдағы ауруханалардың бірінде өрбиді. Онда білікті дәрігер Николай Анатольевич Грачевтің 70 жылдық мерейтойы тойланбақ. Туған күн салтанатты түрде басталғанымен, оқиға күтпеген арнаға түсіп, адамдар арасындағы шынайы қарым-қатынастарды ашады. Көрермендер үшін «Бізге дәрігер керек» фильмі тек оқиға желісін ғана емес, сонымен қатар дәрігерлердің адал еңбегін, өмірлік құндылықтар мен үмітке толы терең эмоцияларды жеткізеді», — делінген хабарламада, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Аталмыш фильм «Еуразия» кинофестивалінің айрықша туындысы болмақ.

«Бұл музыкалық комедия бродвейлік стильдегі мюзикл жанрында түсірілген. Біз тек ән айтумен шектелмейміз. Әрбір ән сюжеттің өрбуіне үлес қосады. Осындай фильмді Қазақстанда бұрын-соңды көрген емеспін», — дейді фильм режиссері Равиль Трумов.

Бұл туынды қазақстандық кино шеберлерінің нәтижелі жұмысының жемісі. Фильмнің сценариін Асқар Бисембин, Сәкен Токтағұлов, Мейірман Әбдіраимов және Равиль Трумов жазды.

Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі 2024 жылдың 24-30 қараша аралығында Алматыда өтеді. Фестивальге 15-тен астам ел қатысады.

Серіктес жаңалықтары