Халықты алдаған алаяқтық Ресейден экстрадицияланды
Қазақстанда бірнеше рет алаяқтық жасап, ізін суытқан Қазақстан азаматы Ресей Федерациясынан экстрадицияланды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бас прокуратура мәліметінше, ол 2023–2024 жылдары ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында ақпараттық жүйе пайдаланушыларын алдап, олардың сенімін теріс пайдалану арқылы ірі мөлшерде алаяқтық жасауға көмектескен.
Күдікті мен оның сыбайластары Instagram әлеуметтік желісін арқылы азаматтардың сеніміне кіріп, салынған инвестиция сомасынан бірнеше есе көп табыс алуға уәде берген. Өз компаниялары арқылы ақша қаражатын инвестициялауға үгіттеген. Жәбірленушілердентүскен қаражатты қылмыстық топ өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
«Алаяқтардың қылмыстық әрекеттері салдарынан Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі 75 азаматқа жалпы сомасы шамамен 80 млн теңге көлемінде залал келтірілген», деп хабарлады Бас прокуратура.