Хоккей жаттықтырушысы оқушы қызды екі жыл бойы зорлап келген
Бұл жағдай 2024 жылы Қызылорда облысында болған, деп хабарлайды Arbat.Media.
14 жастағы қыз Талдықорғанда өткен көгалдағы хоккей жарысына барған. Жарыс алдында құрбылары қаланы аралауға кеткенде, ол пәтерде жалғыз қалған. Сол кезде оған жаттықтырушысы оған шай беріп, кейін қыз есінен танып қалған. Таңертең оянғанда төменгі іш киімінің қан болғанын, ал жанында жаттықтырушысы жатқанын көрген.
38 жастағы ер адам мұнымен шектелмей, қызды "біреуге айтатын болсаң, интим видеоңды ата-анаңа көрсетемін" деп бопсалаған. Сосын қызды достарына ақшаға сатқан. Зорлық әрекеттері екі жыл бойы жалғасқан. Сосын жасөспірім бәрін жақындарына айтқан.
Жәбірленушінің туыстары жаттықтырушымен кездескен соң ашуға берілген. Салдарынан қыздың ағасы қамауға, ал анасы үй қамағына алынған.
Қазір іс бойынша хоккей жатттықтырушысы мен оның танысы қамауда. Тергеу аяқталған, күдіктілер іс материалымен танысып жатыр.