«Яндекс Такси» жүргізушісі жолаушы әйелге сұмдық әрекеттер жасаған

21 сәуір 2025 11:48 / Новости Казахстана

Астанада «Яндекс Такси» жүргізушісі жолаушы әйелге тиісті, деп хабарлайды Arbat.media Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Астана тұрғыны әлеуметтік желіде «Яндекс Такси» жүргізушісінің танысына қатысты жөнсіз әрекеті туралы жазба қалдырды.

Оның айтуынша, әйел үлкен өлшемдегі спорттық оверсайз костюмі мен күрте киіп отырған, жүргізушіні арандатпаған және оған дөрекі сөз айтпаған. Соған қарамастан ер адам сапар барысында біртүрлі әрекеттер жасап, әйелге жыныстық сипатта ұсыныс жасаған.

Жазба авторы сервистің шара қолданатынына сенбейтінін, сондықтан басқа әйелдерге ескерту жасауды өзінің міндеті деп санайтынын айтты.

"Астананың қыздары мен әйелдеріне ескерту. Мен Яндекс такси жүргізушісінің суреті мен деректерін қалдырып отырмын, себебі компания оған шара қолданатынына сенімді емеспін. Сондай-ақ барлық әйел мен қыздарға ескертуді өз міндетім деп санаймын. Мұндай қызметкерлер қауіп төндіреді. Бұл жүргізуші клиенттерге әдепсіз нәрселер ұсынады. Біртүрлі қылық жасайды", - деп жазды бойжеткен.

Редакция ресми түсініктеме алу үшін «Яндекс Таксиге» хабарласты. Жаңалық жарияланған уақытта компаниядан жауап болмады.

Серіктес жаңалықтары