«Жайлы мектеп»: Жыл соңына дейін 112 мектеп ашылады
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының іске асырылу барысы қаралды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде аталған жоба іске асырылып жатқаны мәлім. Бұл ретте отандық өндіріс материалдарының үлесі орта есеппен 70% құрайды, оның ішінде құрылыс материалдары 90%-ға дейін. Жиһаздар отандық өндірістен ғана қарастырылған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Egemen.kz жазады.
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы М.Айманбетов баяндағандай, алғашқы нысандарды іске қосу белгіленген мерзімнен бұрын аяқталған. Яғни, 21 жайлы мектеп тамыз айында оқу жылы басталғанға дейін ашылады. Бұдан әрі жоспарға сәйкес қыркүйек айында 18 мектеп, қазан айында тағы 58 және жыл соңына дейін 112 мектеп ашылады. Сонымен қатар елімізде түрлі қаржы көздері есебінен 85 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр, оның ішінде 8 мектеп пайдалануға берілді және 30-дан астам мектепті жаңа оқу жылы басталғанға дейін салу жоспарланып отыр.
Жиналыс барысында Роман Скляр уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға отандық өндірушілерді барынша тарту, құрылыстың сапасына қатаң бақылау жасау, пайдалануға берудің белгіленген жоспарын сақтау бойынша шараларды қамтамасыз етуді тапсырды.