Жамбыл облысында мал ұрлығымен айналысқан екі топ ұсталды
24 сәуір 2026 14:18 / Новости Казахстана
Ішкі істер министрлігі мал ұрлығына қатысты қылмыстарды анықтау және олардың жолын кесу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сәуір айының екінші онкүндігінде Жамбыл облысы Сарысу ауданында жылқыларды ұрлаумен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды.
Тергеу барысында қаскөйлердің далада қараусыз жайылып жүрген малды алдын ала бақылап, түнгі уақытта Газель көлігімен келіп, малды тиеп алып, көршілес аудандарға апарып, жергілікті тұрғындарға сатқандығы анықталды.
Қазір полиция аталған топ мүшелерінің жалпы құны 15 миллион теңгеден асатын 39 жылқыны ұрлағанын дәлелдеді. Барлық күдікті қамауға алынды.
Еске саламыз, мал ұрлығын жасағаны үшін заңнамада мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
30 қазан 2026 19:35 / Новости Казахстана
Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, ал қызметкерлерден стафилококк табылды
30 қазан 2026 18:40 / Новости Казахстана
Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы әшкереленді
30 қазан 2026 17:21 / Новости Казахстана
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі
30 қазан 2026 16:18 / Новости Казахстана
Алматыдағы РФММ асханасы 60 күнге жабылды
30 қазан 2026 15:28 / Новости Казахстана
Атырауда қазандық жарылып, 19 пәтерге зақым келді: шығынды ғимарат иесі өтейді
30 қазан 2026 14:20 / Новости Казахстана