Жамбыл облысында малшы бастығының малын сатып, құмар ойынына тіккен
22 мамыр 2025 11:52 / Новости Казахстана
Жамбыл облысында бөтеннің мүлкін иемденген ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Arbat.media.
Тергеу бойынша, сотталушы 2018 жылы жәбірленушімен жазбаша еңбек шартын жасасады. Ер адам 63 бас ірі қара мал және 423 бас қойды бағуға келісім береді.
2024 жылдың қыркүйегі мен 2025 жылдың қаңтары аралығында сотталушы бастығының бақылауының жоқтығын пайдаланып, малдарды сатып жібереді. Ал қаражатты өзі иемденіп, құмар ойындарға жұмсаған.
Малшы жәбірленушіге 14,5 млн теңгеден астам сомада материалдық залал келтірілген. Сот шешімімен ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
3 қараша 2026 15:36 / Новости Казахстана
11 банктің несие беру тәртібі тексеріледі
3 қараша 2026 14:31 / Новости Казахстана
Қазақстандық танымал актер көз жұмды
3 қараша 2026 13:28 / Новости Казахстана
Ташкентте ауруханаға түскен қарағандылық балалардың жағдайы белгілі болды
3 қараша 2026 12:15 / Новости Казахстана
Түркістан облысында жол апатынан ерлі-зайыпты көз жұмды
3 қараша 2026 11:25 / Новости Казахстана
78 медициналық ұйымның лицензиясы кері қайтарылды
3 қараша 2026 9:20 / Новости Казахстана