Жамбыл облысында мейрамхана өртеніп, 250 адам эвакуацияланды
Жамбыл облысында Б.Момышұлы ауылында орналасқан 2 қабатты мейрамханадан өрт шықты. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, құтқарушылар 250 адамды эвакуациялады. Нақтыланған мәліметтер бойынша екі қабатты мейрамхананың шатыры жанып, 400 шаршы метр алаңдағы 2-ші қабаттың шағын залына көшкен, - деп хабарлайды Arbat.media.
Оқиға орнында ТЖД бастығының басқаруымен өрт сөндіру штабы құрылды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 60-қа жуық адам, жедел құтқару жасағы, апаттық медицина орталығының өкілдері, психологтар және 12 техника жұмылдырылды.
Өрт салдарынан 4 адам медициналық көмекке жүгінген.
Оның біреуі ауруханаға жатқызылып, көмірқышқыл газымен уланған үш адам дәрігерлердің бақылауында.
Өрттің себебі анықталуда.