Жамбыл облысындағы колледжде жемқорлық анықталды

29 мамыр 2025 14:31 / Новости Казахстана

Жамбыл облысының прокурорлары білім беру саласында бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Arbat.media.

Облыс прокуратурасы техникалық және кәсіптік білім беру мамандарын даярлауға арналған 25,5 млн теңге қаражат жымқыру фактісін анықтады.

Жамбыл облысы әкімдігі Білім басқармасының «Түзету мекемесі жанындағы №15 колледж»басшылығы оқуға іс жүзінде қатыспаған сотталғандарға білім бергені үшін 3 жыл көлемінде қаржыландыруды заңсыз алғаны белгілі болды.

2025 жылғы 5 ақпанда облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу).

Тергеу жүргізу Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

Серіктес жаңалықтары