«Полициядан қорықпаймын»: Шерзатты өлтіргендердің көлікте не туралы сөйлескені белгілі болды
Кеше, 28 мамыр күні Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында сотталушылардың қанды оқиға болған түні көлікті отырып сөйлескен сөздерінің аудиосы оқылды, деп хабарлайды Arbatmedia.
Көлікте Абзал Шынасыл, Равиль Сакиев, Нұрқияс Ілиясов пен Эльмира Нұрбекова және Дана Жақсыгелді болған.
Олар оқиға туралы сөйлесіп, тіпті болашақтарын талқылап үлгерген.
Сотталушы Абзал Шынасыл түн жарымда ұйықтап жатқан полиция қызметкерлеріне хабарласа алмайтынын айтқан.
«Мен полициядан қорқыпаймын. Бұл кәдімгі қарапайым полиция ғой», - дейді Абзал Шынасыл.
Сондай-ақ оқиғаға қатысы бар өзге де тұлғалар болғаны анықталған.
Ал жауап алу кезінде Нұрқияс Ілиясов адвокаттардың сұрақтарына «білмеймін, есімде жоқ, түсіндіре алмаймын» деп жауап берді.
Ал Абзал Шынасыл көлікте отырған балаларға «ештеңе көрмедіңдер» деп айтқанын мойындап отыр.