Жаңа кодекс су мәселесін шеше ме?

27 ақпан 2024 12:34 / Новости Казахстана

Қазір су шаруашылығы саласын ауқымды трансформациялау негізінен үш бағытта жүріп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Біріншісі – суды үнемдеу сая­сатын қалыптастыруға, сұра­ныс­ты басқаруға, тазартыл­ған сар­қынды суды қайта пайда­лануға бағытталған түбегей­лі жаңа нормативтік-құқық­­тық база құру. Екіншісі – су шаруашылығы инфрақұры­лымын толыққанды жаңғырту, озық су үнемдеу технологияларын енгізу, суды есепке алу мен бөлуді цифрландыру, сондай-ақ жаңа тарифтік саясат пен су үнемдеу мәдениетін енгізу. Үшіншісі – көршілес мемлекеттермен трансшекаралық ынты­мақтастықты күшейту, оның ішінде Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық ету. Бұл туралы Астанада өткен I халықаралық «Global water» форумында айтылды.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұр­жігітовтің айтуынша, еліміз­дегі су тапшылығы проблема­сын шешу үшін екі негізгі құжат – жаңа Су кодексі және Үкімет қабылдаған Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы дайындалды. Мәжіліс қарауына енгізілген кодекстің жаңа редакциясында суды сарқылудан, ластанудан және бітелуден қорғауға басымдық беріледі.

Сонымен қатар суды үнем­­деу өте маңызды рөл ат­қа­рады. Мысалы, тұтыну­шы­лар су ресурстарын ұтым­­ды пайдалануға, суды үнем­деу технологиялары мен суды қайта пайдалану жүйе­­лерін енгізу жөнінде іс-ша­ралар қабылдауға, жерас­ты ауызсуларын мақсатсыз пайдалануға жол бермеуге мін­­детті. Су саласындағы жа­­­уап­­­­кершілік заңнамалық дең­­­­гейде күшейтіледі.

Ауызсудың сапасын жақ­сартуға қойылатын талап­тар пайда болып, елді­мекендерді сумен жабдық­тауға және су бұруға арналған тарау едәуір кеңейген. Жеке тарау еліміздің су саласын кли­­маттың өзгеруі­не бейім­деу­­ге арналған. Бұдан былай су ресурстарын қор­ғау және пайдалану сала­сын­да­ғы қоғамдық бақы­лау­ға көп көңіл бөлінеді. Гидро­тех­ни­калық құрылыс қауіп­сіз­дігі де басты назарда.

«Кодекс – су ресурс­тарын тұрақты басқару және эко­­жүйені қорғау бағытындағы негізгі қадам. Ұсы­ныс­тарымыз сарап­шы­лар мен жұрттың пікі­рін мұ­қият талдауға және есепке алуға негізделген. Бұл ел­дің әл-ауқатына және оны болашақ ұрпақ үшін сақ­тауға ықпал етеді. Екінші не­­гізгі бағыт – су саласында жи­налған мәселелерге назар аудару. Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында су шаруашылығы нысан­да­ры­ның тозуы 60%-дан, тасымалдауда судың жоғалу көрсеткіші 40%-дан асаты­нын, су үнемдеу технология­ларын енгізу үдерісі баяу жүріп жатқанын атап айтты. Осы тапсырмаларды орындау үшін Үкімет Су ресурс­тарын басқару жүйесін дамытудың 2030 жылға де­йінгі тұжырымдамасын бе­кітті. Ол су қоймаларын салу және реконструкциялау, гид­ро­техникалық құрылыс­тар­ды, ирригациялық жүйе­лерді жөндеу, су үнемдеу технологияларын цифрландыру және енгізу, сондай-ақ экология және көршілес мемлекеттермен трансшекаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша бірқатар шұғыл шараларды көздейді», деді министр.

Таяу болашақта 9 облыс аумағында 20 су қоймасын салу және 9 облыс аумағында 15 су қоймасын реконструкциялау, 14 мың шақырымнан астам ирригациялық каналдар мен гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту, 3,5 мың шақырым каналды цифр­ландыру жоспарланып отыр. Аталған іс-шараларды іске асыру тасымалдау кезінде судың өнімсіз шығынын 50%-дан 25%-ға дейін азайту­ға, қолда бар су ресурстарын 2,4 текше шақырымға ұл­ғай­т­уға, экономика салаларын кепілдендірілген сумен қам­та­масыз ету және төтенше жағ­дайлардың туын­дау қаупін азай­ту үшін гидротехникалық құ­рылыс­тардың жай-күйін жақ­сартуға мүмкіндік береді.

Министрдің айтуынша, елде ауыл шаруашылығының суды тұтыну үлесі жалпы су қорының 65%-ын құ­рай­ды. Су алу және өнім­сіз шығындар деңгейі туралы статистика суармалы егіншілікте суды ең тиімсіз пайдалану қарқыны бай­қа­латынын көр­сетеді. Жағ­­дайды түзету үшін су үнем­деудің озық техно­ло­гия­ларын енгізу керек. Фер­мерлерді су үнемдеу технологияларын қолдануға ынталандыру үшін Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігімен бір­ле­сіп су үнемдеу жүйелерін орнатуға және тамшылатып, жаң­бырлатып суару жаб­дық­тарын сатып алу шығын­да­рын субсидиялау үлесін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайту жөнінде жұмыстар басталған.

«Бұл 2030 жылға қарай су үнемдеу технология­ларын қол­дана отырып, еліміздегі суармалы жерлердің алаңын 1,3 млн гектарға немесе 50%-ға жеткізуге ық­пал етеді. Қазақ Су шаруа­шы­­лығы ғылыми-зерт­теу инс­ти­тутының баға­лауы бо­йынша бұл шамамен 2,1 текше шақырым су үнемдеуге, ауыл шаруашылығы сала­сы­ның өнімділігін 1,5-2,0 есе арт­тыруға мүмкіндік береді», деді.

Тағы бір маңызды мә­селе – экономика сектор­ла­рында су ресурстарын қайта пайдалану. Сала қажет­ті­ліктерін қана­ғат­тан­ды­ру үшін жыл са­йынғы су тұ­тыну шамамен 25 текше ша­қы­рымды құрайды, оның 65%-ы – ауыл шаруашылығы, 25%-ы – өнеркәсіп, 4,3%-ы ком­му­налдық-тұрмыстық қа­жетке жұмсалады. «Өнер­кәсіп орындары алатын 5,9 текше шақырым жалпы таза судың 17%-ы қайта пайдаланады және 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 50%-ға дейін жет­кі­зуді жоспарлап отырмыз», дейді ведомство басшысы.

Коммуналдық-тұрмыстық қажетке су алудың барлық кө­ле­мінен 1,3 текше ша­қы­рым су жұмсалады. Суды қайта пайдалану тиімділігін арттыру үшін барлық негіз бар. Жергілікті тазарту құ­ры­лыс­­­тарын, яғни авто­көлік жуу және жөндеу орта­лық­та­рында, өндірістік кәсіп­орындарда енгізу керек, бұл орта­лықтандырылған сумен жаб­дықтау көздерінен ауыз­су­­ды тұрақты қоспай және тұ­тынбай суды қайта пай­­далануға мүмкіндік бере­ді.

 

 

Серіктес жаңалықтары