Жаңа жыл шыршасы: экологтар не дейді?

31 желтоқсан 2023 9:06 / Новости Казахстана

Жаңа жыл қарсаңында көше де, ғимараттар да, үйлер де жаппай үлкенді-кішілі шыршалармен безендіріледі. Тірі, яғни табиғи шыршаны кесу табиғатқа зиян, ағашқа обал деп пластик шырша пайдаланылады. Бірақ тірі шыршадан гөрі жасанды шыршаның зияны көп дейді зерттеушілер, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Tanym Media жазады. 

Жасанды шыршаны жасау үшін қолданылатын поливинилхлорид пен металдар көміртегі бөледі. Ол ауаны ластаушы екені белгілі. Мәселе, шыршаны утилизация жасауда.

Зерттеушілердің пікірінше, пластик ағаш көп жыл пайдаланылған жағдайда ғана экологияға зияны сәл аздау болады. Бірақ ол шыршаны 20 жыл пайдаланатындар жоққа тән. Және бұл шыршалар негізінен Қытайдан әкелінеді. Тасымалдау кезінде көліктер бөлетін көміртегі шығарындыларын қосқанда, қоршаған ортаға зиян тағы да арта түседі.

Күнтізбелік жаңа жылды шыршасыз да қарсы алуға болады, әрине. Ең дұрысы, төл жаңа жылымыз - Наурызға баса мән берілуі керек.

 

Серіктес жаңалықтары