Жанабыловтардан тәркіленген көліктер сатылымға шықты

19 маусым 2026 13:34 / Новости Казахстана

Тиісті хабарландырулар E-Qazyna мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында пайда болды, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Мемлекеттік порталда барлығы 8 хабарландыру орналастырылған. Олардың барлығы - 2025 жылы шыққан, су жаңа Hyundai Elantra маркалы автокөліктер.

Құжаттарға сәйкес, бұл көліктер блогердің сотталған жұбайы Эльмира Төлегенова басқаратын «Zhana Business» ЖШС-не тіркелген болып шықты.

Қазіргі уақытта тәркіленген көліктер Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы теңгеріміне өткізілген.

Хабарландыруда көліктердің бастапқы саудалану бағасы көрсетілмеген. Алайда, сарапшылардың бағалауы бойынша әрбір көліктің нарықтық құны 8 395 000 теңге шамасында.

Қарапайым азаматтар жеке тұлғалар көліктерді сатып ала алмайды. Ережеге сай, бұл мүліктерді сатып алуға тек құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың, Президенттің, саяси қызметкерлер мен Парламент депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін ведомстволардың ғана құқығы бар.

Серіктес жаңалықтары