Заңгер әйелін пышақтап өлтірген бұрынғы күйеуіне сот үкімі шықты

6 қазан 2023 9:00 / Новости Казахстана

Алматы сотында заңгер Айман Асанованың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланып, бұрынғы күйеуі 11 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Н. 2022 жылы 8 қазаннан 9 қазанға қараған түні бұрынғы жұбайын үйінің жанында күтіп тұрған.

Ер адам оған мүлікті бөлу жөнінде талап қояды.

Әйел дөрекі жауап қатып, ауыр сөздер айтып бұл мәселені талқылаудан бас тартады. Осылайша бұрынғы ерлі-зайыптылар арасында жанжал шығады. Осы кезінде ер адам қолындағы пышақпен әйелге 18 мәрте соққы жасайды. Өмірге сәйкес келмейтін жарақаттардан әйел ауруханада көз жұмған. 

Прокурор мен жәбірленуші тарап судьядан оған қатаң жаза тағайындауды сұрады. 

Алқабилер айыпкерді қасақана кісі өлтіргені үшін кінәлі деп таныды. 

Сот айыпталушыны қасақана адам өлтіргені үшін кінәлі деп танып (ҚР ҚК-нің 99 бабы 1 бөлімі бойынша) 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сотталушы кінәсін мойындамады, ол жұбайын қатты ашуланған күйде өлтіргенін мәлімдеді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Автор
Серіктес жаңалықтары