“Зейнеткер көз жұмды”: Павлодарда әйел анасын велосипедтен құлатып алды

7 шілде 2025 17:24 / Новости Казахстана

Павлодарда 69 жастағы әйел веломобильмен қоршауға соғылып, алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қайғылы жағдай кеше, 7 шілде күні Павлодардың орталық жағалауында болды.

Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел анасы және үш баласымен бірге төрт дөңгелекті велосипедпен серуендеп жүрген. Ол рөлге ие бола алмай, металл қоршауға соқтығысқан. Құлаған кезде зейнеткер ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Қызы мен немерелері ауруханаға жеткізілді.

Оқиға бойынша полиция тексеру жүргізіп жатыр.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, шақырту 6 шілдеде сағат 23:08-де түскен. Алты минуттан соң жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жеткен.

«69 жастағы әйел ауыр жарақат алғаны анықталды. 2010, 2015 және 2018 жылы туған үш қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккен 39 жастағы әйел Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді», деп хабарлады жедел жәрдем станциясы.

Серіктес жаңалықтары