Желіде Сұлтан Сәрсемалиев туралы ақпарат таратқан хакердің соты болады
1 қазан 2026 11:15 / Новости Казахстана
Атыраудағы Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты істің мән-жайын әлеуметтік желіде жариялаған азаматқа алаяқтық бойынша 12 эпизодқа қатысты айып тағылған. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Вице-министрдің айтуынша, күдікті Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланған. Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, материалдар сотқа жолданған.
«Ол қандай да бір деректер базасын аша алмайды. Ол алған және жариялаған ақпараттың барлығын біздің қызметкерлерден алған», – деді Санжар Әділов.
Оның сөзінше, ақпаратты күдіктіге берген ІІМ қызметкерлері де жауапкершілікке тартылып, тиісті жазасын алған.
Қазір іс сотта қаралып жатқандықтан, министрлік тергеуге қатысты өзге мәліметтерді жарияламады.
13 қараша 2026 18:22 / Новости Казахстана
Ақтауда жойқын жарылыс болды
13 қараша 2026 17:18 / Новости Казахстана
Екі айға жуық іздеген: Теміртау маңынан үш баланың анасы өлі табылды
13 қараша 2026 16:01 / Новости Казахстана
Елжас Отыншиев ұсталғаннан кейін «Қазақстан темір жолы» алғаш рет ресми мәлімдеме жасады
13 қараша 2026 14:58 / Новости Казахстана
Тоқаев «Самұрық Қазына» мен «ҚТЖ» басшыларының ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады
13 қараша 2026 13:18 / Новости Казахстана
Ақтөбеде Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы Тимур Еспағанбетов ұсталды
13 қараша 2026 12:35 / Новости Казахстана