Жетісу облысында 17 жыл халықаралық іздеуде болған қылмыскер ұсталды
Жетісу облысында 17 жыл халықаралық іздеуде болған қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Талдықорғанда полицейлер республикалық "Құқықтық тәртіп" акциясы аясында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құқық қорғау органдарынан ұзақ жыл бойы жасырынған 54 жастағы Қазақстан Республикасының азаматын ұстады.
Деректерге сәйкес, ер адам 2008 жылдың 15 мамырынан бастап есірткі қылымысымен айналысқаны үшін халықаралық іздеуде болған. Мұндай әрекет үшін 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ұсталған азаматқа полицейлер тиісті шара қолданып жатыр.
Аталған іс бойынша барлық жағдайлар тергеу барысында мұқият тексеріледі. Полиция қызметкерлері заң мен тәртіп әр азаматтың ұстануы тиіс қағидалар екенін, әр азамат жасаған қылмысы үшін жауапқа тартылатынын ескертеді.