Жолдарға күн сәулесінен қуат алатын батареялар орнатылып жатыр
Республикалық маңыздағы «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автомобиль жолы желісінің Маңғыстау ауданына қарасты Жармыш, Бекі ауылдары, Сайөтес ауылы маңына, Маната асуына 300 дана күн сәулесінен қуат алатын батареялар орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл тәуліктің түнгі мезгілінде жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ықпал етеді, - деп хабарлайды Arbat.media
Жол учаскелеріне жақын жайылымдары бар мал шаруашылықтары орналасқан жерлерге жануарлардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын алу үшін, Маңғыстау және Бейнеу аудандарына қарасты Төлеп ауылы, 5 бекет, 6 бекет, «Қарақұдық» кен орны бұрылысына, 7 бекет, Сайөтес ауылы маңы және де Жетыбай-Ақтау бағытындағы Мұнайшы ауылы маңына жалпы ұзындығы 40 шақырымды мал өтуін болдырмайтын сым қоршауларын орнату жұмыстары басталды, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын алуда, Шетпе, Бейнеу елді мекендерінде 2 проекциялық жаяу жүргіншілер өткелі орнатылды. Жыл соңына дейін «Жетібай-Ақтау» автожол учаскесінде Батыр ауылы маңында қосымша 3 проекциялық жаяу жүргіншілер өткелін орнату жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ» Маңғыстау облыстық филиалы мәліметінше, республикалық маңыздағы «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекістан республикасы шекарасы ақылы автомобиль жолында Сыңғырлау, Ақжігіт, Тәжен ауылдары маңында ұзындығы 6 шақырым мал өтуін болдырмайтын сым қоршаулары және де 60 дана күн сәулесінен қуат алатын батареяларымен жарықтандыру бағандары орнатылды.
Жыл соңына дейін жол қозғалысына қатысушыларға қолайлы жағдай жасау үшін, 1 санитарлық-гигиеналық торап орнату жоспарланып отыр.