Журналист Қымбат Әбілдақызы Тұрсынбектің анасына шүйлікті

6 қараша 2025 11:43 / Новости Казахстана

Танымал журналист Қымбат Әбілдәқызы Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқановаға қолдау білдірді, деп хабарлады Arbat.Media. 

Журналист соңғы орын алған жағдайға байланысты өзін бей-жай қала алмағанын айтты.

"Бүкіл жұртты дүрліктірген Мөлдірдің көз жасы - күндіз күлкімізді, түнде ұйқымызды бұзып бітті. Бей-жай қала алмай, менде шер тарқаттым…", деді Қымбат Әбілдақызы.

Сонымен қатар, журналист Тұрсынбек Қабатовтың анасына арнап сөз айтты.

"Мөлдірдің анасы он үш жасында қайтыс болған. Кішкентай кезінен отбасыны сақтап қалудағы үлгісін бойына сіңіріп кеткені байқалады. Ал Тұрсынбектің анасы, сіз тірісіз ғой. "Балам, сен адассаң да мен адаспаймын. Ол сенің қолыңа қонған ақ құсың, енді жапырағың жайқалып бәйтерекке айналар шағыңда, мені бұны көтере алмаймын", деп неге өзіңіз басу айтпайсыз? Анасының сөзін тыңдамайтын ұл бала жоқ. Ананың сөзін ұлдар ерекше құрметтейді", - деді журналист.

Серіктес жаңалықтары