Жуырда ғана ұсталған Ілияс Сариевтың бұрын сотталғаны белгілі болды

15 сәуір 2025 15:46 / Новости Казахстана

«Елге көмек бер» қайырымдылық қорының жетекшісі Ілияс Сариевтың бұрын істі болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.media Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Ілияс Сариев соттың шешімімен 2 айға қамауға алынды. Сот Сариевтің ауыр дәрежеде қылмыс жасады деген күлікке ілінгенін әрі бұрын да осыған ұқсас жасағаны үшін сотталғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, 9 сәуір күні қоғамдық қор жетекшісі Ілияс Сариев ұсталды. Ілиястың үстінен қажылыққа аттана алмай қалғаү бір топ адам арыз жазған. Ал Ілияс осы күнге дейін қажылық компаниясын жарнамалап келген.

«Егер кінәсі заңмен дәленденсе бес жылдан жоғары мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал арызданушылардың саны мен шығындардың мөлшері көбейіп жатса, жазаның ауырлайтыны анық», - деп жазды журналист.

Серіктес жаңалықтары