«Жыл соңына дейін әр қазақстандықтың шотына төлем жасалады» — ФЕЙК
4 желтоқсан 2023 12:23 / Новости Казахстана
«Жыл соңына дейін әр қазақстандықтың шотына төлем жасалады» деген хабарлама көрсеңіз, біле жүріңіз, бұл – ФЕЙК, яғни, жалған ақпарат, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Компенсационный центр» деген аккаунт ҚР Президентінің суретін қолдана отырып фейсбукте пост жариялаған.
Бұл хабарламаның дұрыс-бұрыстығына талдау жүргізіп көрген stopfake.kz ҚР мемлекеттік органдарының сайттарында, оның ішінде ҚР Президентінің akorda.kz сайтында мұндай төлем туралы ресми ақпараттың жоқ екеніне назар аударады.
Профильде келтірілген мәліметтерде +52 коды бар байланыс телефоны жазылған, бұл – Мексиканың коды. Ал суретке Қазақстанның елтаңбасы қойылған. Бірақ жарияланымдар лентасында оның орнында бұрын Беларусь Республикасының елтаңбасы болғанын көруге болады. Бұл киберқылмыскерлердің әрекеті. Таралған ақпаратқа сенбеген жөн,- деп жазады портал авторы.
5 қараша 2026 16:29 / Новости Казахстана
Каспийдегі 14 сарбаздың қазасы: сегіз әскери басшы қамауға алынды
5 қараша 2026 15:16 / Новости Казахстана
Астана маңындағы жол апатынан полиция капитаны қаза тапты
5 қараша 2026 14:34 / Новости Казахстана
Шымкентте спортшыны ұрлап, ұрып өлтірген 6 адамға сот үкімі шықты
5 қараша 2026 13:24 / Новости Казахстана
Рудныйда кісі өлтіру қылмысын жасырған жасөспірім сотталды
5 қараша 2026 12:18 / Новости Казахстана
Көлік бағасы арзандайды
5 қараша 2026 11:25 / Новости Казахстана