2028 жылғы Жазғы Олимпиада бағдарламасына 5 ойын түрі енгізілді

14 қазан 2023 16:00 / Sport

Халықаралық Олимпиада комитеті 2028 жылғы Жазғы Олимпиада бағдарламасына бес ойын түрін енгізді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚазАқпарат жариялады. 

Әлем жұртшылығы АҚШ-ты аталған сайыс­ты ең көп ұйымдастырған ел ретінде таниды. Онда 4 рет жазғы және 4 рет қысқы Олимпиада өткен. 

Жазғы Олимпиада бағдарламасына қатысушылар флаг-футбол, крикет, лакросс, сквош, бейсболдан жүлдені сарапқа салады. Айта кетсек, олардың арасынан бірқатар спорт түрі бұрынғы жылдарда Олимпиада бағдарламасында бар болатын. Алайда әртүрлі себепке байланысты Олимпиада бағдарламасынан алынып тасталған еді.

Атап айтқанда, крикет Олимпиада бағдарламасына 128 жылдан кейін қайта оралса, бейсболдан бұдан бұрын 1992, 1996, 2000, 2004, 2008 және 2020 жылдарда жүлделер сарапқа салынды. 

Дүбірлі дода 2028 жылдың 14-30 шілде аралығында АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтеді. Бұл қалада бұдан бұрын 1932 және 1984 жылдары аталған дүбірлі дода өткізілген болатын. Ал 2024 жылы дүбірлі дода Франция астанасы Париж қаласында жалауын көтереді. 

 

Автор
Серіктес жаңалықтары