Абылайхан Жүсіпов мансабында алғаш рет әлем чемпионы атанды

14 желтоқсан 2025 10:33 / Sport

Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Абылайхан Жүсіпов (71 келі) алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Отандық былғары қолғап шебері ақтын сында ресейлік Сергей Колденковпен жұдырықтасты. Алғашқы екі раундта Абылайхан қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсіп, Шшешуші раундта басымдығын арттырды. Нәтижесінде қарсыласын жеңіп, әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды.

Бұған дейін Абылайхан Жүсіпов 2017, 2019, 2021 жылдары әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болған еді.

Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғаған Сәкен Бибосынов финалда қарсыласын жеңіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Оразбек Асылқұлов IBA ұйымдастырған әлем чемпионатында алтын жүлдеге ие болды. Бұл ел қоржынына түскен екінші алтын медаль болды.

Серіктес жаңалықтары